Жарияланды: 770

"CNPS-Ақтөбемұнайгаз" ААҚ Ақтөбе мектептеріне арнап 100 дербес компьютер сатып алды

"CNPS-Ақтөбемұнайгаз" ААҚ Ақтөбе мектептеріне 100 дербес компьютер тарту етпек ниетте. "CNPS-Ақтөбемұнайгаз" ААҚ-ның баспасөз қызметінен KZ-today тілшісіне хабарлағанындай, 30 компьютерді кәсіпорын басшылығы осы аптада тұсаукесерін жасаған №51 қалалық қазақ гимназиясына табыс етпекші.

Ал қалған 70 компьютерді мұнай компаниясы ауыл мектептеріне сыйлық ретінде ұсынуды жоспарлады. Баспасөз қызметіндегілердің атап көрсеткеніндей, "CNPS-Ақтөбемұнайгаз" ААҚ-ның басшылығы бұл шараны мұғалімдер күніне орайластырып отыр. Жалпы құны 1 млн. теңгені құраған компьютерлер Қытай мұнай компаниясының қаржысына сатып алынды. Бұл қаржыны кәсіпорын Ақтөбе облысы әкімшілігі мен "CNPS-Ақтөбемұнайгаз" ААҚ арасындағы экономикалық ынтымақтастық жөніндегі меморандум аясында бөлуге міндеттеме жүктеп алған болатын. Сондай-ақ, баспасөз қызметіндегілердің атап көрсеткеніндей, осы меморандумға сәйкес кәсіпорын мектептерді жөндеуге қаржы жұмсап, 2000-жылы кедей отбасылардың дарынды балалары мен оқу озаттарын, жас мамандарды оқыту үшін 1 млн. доллар көлемінде қаржы бөліп "Арнайы білім беру қорын" құрған. Аталмыш қордың қаржысы есебінен қазір 35 адам Пекиндегі мұнай университетінде, сондай-ақ, 5 бала Қазақстан және Ресейдің жоғары оқу орындарында оқып жатыр.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін