Coronavirus2020.kz: Коронавирус індетіне байланысты жаңа сайт іске қосылды - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+22 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Coronavirus2020.kz: Коронавирус індетіне байланысты жаңа сайт іске қосылды

Coronavirus2020.kz: Коронавирус індетіне байланысты жаңа сайт іске қосылды

Қазір азаматтарды коронавирусқа қатысты жәдел әрі сенімді мәлеметтермен ақпараттандыру ең маңызды мәселе.

  • 20 Наурыз 2020
  • 263
Фото - Caravan.kz

Осыған байланысты Coronavirus2020.kz сайты ашылды.

Бұл туралы ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев Facebook желісіндегі парақшасында хабарлады.

"Қазір азаматтарды коронавирусқа қатысты жедел әрі сенімді мәліметтермен ақпараттандыру ең маңызды мәселе. Кей уақытта қоғамды ақпараттандыру мен қарым-қатынастың жеткілікті дәрежеде тиімді болмай жатқанын мойындау керек. Түрлі ақпарат құралдары, әсіресе мессенджерлер арқылы жалған ақпараттың таралуы көптеген қиындықтар туындатуда.

Осы орайда, www.coronavirus2020.kz сайтының іске қосылғанын хабарлаймын.


Бұл ресурста төтенше жағдай бойынша, карантин кезіндегі тәртіп пен мемлекеттің коронавирусқа қарсы жасап жатқан шаралары жөнінде, сондай-ақ, желіде тараған жалған мәліметтерді теріске шығару және т.б. барлық өзекті ақпараттар жинақталады.

Оған қоса, сайтта аурудың алдын алу, белгілері, аурудың алғашқы белгілері байқалғанда жасау керек әрекеттердің ережелері жарияланған және бұл мәліметтер азаматтар пайдаланып, тарату үшін инфографика, нұсқаулықтар түрінде берілген.

Азаматтар үшін сайтта арнайы сұрақ-жауап айдары болады, ол жерде әрбір пайдаланушы өзіне қажетті сауалына жауап ала алады.

Сіздерден осы мәліметті таратуды және сенімді ақпарат көздеріне ғана жүгінуді сұраймын", — деп жазды Дәурен Абаев.

Соңғы жаңалықтар