Жарияланды: 480

CoverGirl фирмасы хиджаб таққан қызды тұңғыш рет өз жарнамасына түсірді

CoverGirl фирмасы хиджаб таққан қызды тұңғыш рет өз жарнамасына түсірді Сурет - Аzattyq.org

Америкалық әйгілі CoverGirl косметикалық фирмасы жарнама кампаниясына өз тарихында бірінші рет хиджаб киген әйел Нура Афианы тартты. Мұсылман, әрі әдемілік пен өзін-өзі күту тақырыбында жазатын блогер Нура Афиа фирманың телеарнадағы роликтері мен онлайн баннерлеріне хиджабпен түсті.

23 жастағы Афиа - Батыс елдеріндегі ірі косметикалық фирманың жарнамасына түскен алғашқы қыз. Өткен аптада компания оның келбетін сатылымға шығарған жаңа косметикалық өнімдерін таныстыруға таңдап алған.

Нура Афианың Instragram-дағы парақшасына 300 мыңнан астам, Youtube-тағы парақшасына 215 мың қолданушы жазылған. Ол Колорадо штатының Денвер қаласында туған. Әкесі - этникалық марокколық, анасы ливандық.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін