COVID-19 вирусымен күресу үшін арнайы құрылғылар сатып алынды - kaz.caravan.kz
  • $ 443.35
  • 475.54
+7 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
COVID-19 вирусымен күресу үшін арнайы құрылғылар сатып алынды

COVID-19 вирусымен күресу үшін арнайы құрылғылар сатып алынды

Денсаулық сақтау министрлігі коронавируспен күресу үшін виброакустикалық құрылғыларды сатып алды.

  • 5 Маусым 2020
  • 24
Фото - Caravan.kz


Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Баспасөз қызметінің хабарлауынша, министрлік Қазақстандағы жұқпалы аурулар ауруханаларына өкпе патологиясын емдейтін 87 виброакустикалық аппарат сатып алған.

"Бұл COVID-19 вирусына қарсы күресу мақсатында медициналық көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымдарының материалдық-техникалық базасын нығайтуға бағытталған бағдарламаның жалғасы болып саналады. Ұлттық стандарттардың талаптарына сәйкес вирустық инфекциядан пайда болған өкпе асқынуларын емдеу ережесі бойынша виброакустикалық терапияны қолдану қажет және бұл аппаратты пайдаланған жағдайы ауыр науқастардың денсаулығына оң нәтиже береді", — делінген хабарламада.

Дәрі-дәрмекпен емдеу әдісі кешенді бифокальды виброакустикалық өкпе терапиясымен біріктірілген жағдайда: 
— өкпені жасанды желдету;
— трахеобронхиалды дренирлеуді белсенді ету;
— өкпе тінінің инфильтрациясын шешуді жеделдету;
— өкпені жасанды желдету аппараттарын қолдану мерзімін қысқарту және жіті респираторлық дистресс-синдромның даму қаупін төмендетеді.

Соңғы жаңалықтар