Covid-19 вирусын жұқтыру қарқыны күрт төмендеуі мүмкін - kaz.caravan.kz
  • $ 444.22
  • 476.38
+8 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Covid-19 вирусын жұқтыру қарқыны күрт төмендеуі мүмкін

Covid-19 вирусын жұқтыру қарқыны күрт төмендеуі мүмкін

Алматының Қоғамдық денсаулық басқармасының басшысы Тілеухан Әбілдаев егер тұрғындар карантин ережесін сақтайтын болса екі аптадан кейін қалада коронавирус жұқтыру деңгейі күрт төмендейді деп болжады.

  • 2 Сәуiр 2020
  • 30
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

"Азаматтар, отбасылар мен ұжым арасындағы қарым-қатынасты барынша шектеу коронавирустық инфекцияның төмендеуіне ықпал етеді. Егер өзін-өзі бақылау жоғары деңгейде болса, біз екі аптадан кейін қала тұрғындары арасында COVID-19 вирусының тарауын күрт төмендеуі мүмкін", — деді Әбілдаев.

Қаланың бас дәрігері алматылықтардың және басқа да аймақтардың тұрғындары тарапынан карантин ережесін түсініп, оны сақтайтынына сенетінін жеткізді. 


Еске салайық, бүгін коронавирус жұқтырғандардың саны 402-ге жетті. Алматы қаласында барлығы 90 науқас тіркелді. Екеуінің ауыр жағдайда, 10 ересек адам орташа жатыр. 11 адам коронавирус індетінен айығып шықты.

Соңғы жаңалықтар