D дәрумені жүрек-қан тамырлары ауруының қаупін азайтады
![]() |
Бұл тек қана дәрумен емес, гормон. Ол ағзадағы кальций, фосфат деңгейін бақылауға жәрдемдеседі, сондай-ақ сүйек пен тістің қалыптасуында маңызды рөлге ие. |
D дәруменінің көзі балық пен жұмыртқа. Алайда бұл дәрумен мөлшері тағамға қарағанда, күннің көзінен көбірек беріледі, деп жазады Zee News.
Зерттеу барысында Маргарет Патшайым Университетінің ғалымдары D дәруменімен қоспа қабылдайтын ересектерде плацебо берілген қатысушыларға қарағанда, зәрінде қан қысымы мен кортизол (күйзеліс гормоны) деңгейінің төмен екенін анықтады. Бұдан басқа, D дәруменін қабылдағаннан кейін, эксперимент басында небары 5 шақырым ғана жүрген еріктілер велосипедпен 20 минута 6,5 шақырым жүріп өткен.
Жүктемеге қарамастан, D дәріуменін тұтынған топта физикалық қысым белгілері төменірек болған. Зерттеушілер D дәруменінің жетіспеуі инсулинге, сусамырға, ревматоидті артрит және обырдың кей түрлеріне алып келетінін айтады, ал дәруменді тұрақты тұтыну бұл проблемалардың алдын алады.
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін