«Да идите в ...» : Мәслихат депутаты көпбалалы аналарға неге тіл тигізгенін түсіндірді - kaz.caravan.kz
  • $ 443.72
  • 482.28
+19 °C
Алматы
2024 Жыл
21 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
«Да идите в ...» : Мәслихат депутаты көпбалалы аналарға неге тіл тигізгенін түсіндірді

«Да идите в ...» : Мәслихат депутаты көпбалалы аналарға неге тіл тигізгенін түсіндірді

Мәслихат депутаты және G-Park басшысы Гамбит Сатмағамбетов әкімдікке келген көп балалы аналарға тіл тигізді. Әйелдер бұны видеоға түсіріп, әлеуметтік желіге таратты.

  • 11 Ақпан 2022
  • 71
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа-порталы хабарлайды.

Сатмағамбетов өз әрекетіне Facebook парақшасында түсініктеме берді. Ол мәжіліске асығып бара жатқанын, сол кезде  "ашулы әйелдер" оған дөрекілік танытып ("падла" және "фрайер" деп атаған) айтты. Және осындай сөздерге тура солай жауап қайтарған көрінеді.

«Адекватты адам айыптау, қорлау, қорқыту және тіпті қарғысқа ұшыраған кезде қандай әрекет ете алады? Ашулы әйелдер тобы әкімдікте жанжал шығарды. Ешкім жеке тұлғаға тіл тигізуге құқық берген жоқ. Мысалы : «Эй, мында кел, сен оңбаған, арыссыз фрайер, маслихатчик» — деген сөздер естідім деді мәслихат депутаты.

Сондай-ақ, ол елордада көпбалалы 20 отбасына пәтер алуға көмектескен өзінің қоры туралы еске салды. Бірақ енді ол аздап үзіліс алатынын, көп балалы аналарға қатысты қайырымдылық көмекті тоқтата тұратынын айтты. Өйткені мұндай қарым-қатынастан кейін оның ынтасы жоғалып кетіпті. 


Соңғы жаңалықтар