Дағыстанның жаңа басшысы қазақ екеніне қуануымыз керек па? - kaz.caravan.kz
  • $ 444.32
  • 473.33
+12 °C
Алматы
2024 Жыл
24 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Дағыстанның жаңа басшысы қазақ екеніне қуануымыз керек па?

Дағыстанның жаңа басшысы қазақ екеніне қуануымыз керек па?

Ресей президенті Владимир Путин Мемлекеттік думаның вице-спикері және «Біртұтас Ресей» парламенттік фракциясының жетекшісі Владимир Васильевті Дағыстан Республикасы басшысының уақытша міндетін атқарушы қызметіне тағайындады.

  • 4 Қазан 2017
  • 6371
Фото - Caravan.kz

Бұл жаңалық бірден отандық БАҚ назарына түсіп, "Екінші Төлеев" деп атап кетті. Себебі, бұл республика басшысы да Қазақстан тумасы болып шықты. Саясаттанушы Асқар Нұршаның ойынша бұл жаңалық аса бір назар аударатындай дәрежеге тұрарлық емес.

"Дағыстанға басшылық етіп Владимир Васильевті қойды. Одан да жергілікті кадрлардан біреуді алғаны дұрыс болар еді. Бірақ кім білер, жергіліктілердің ішіндегі өзара тартыстарды болдырмау мақсатында шығар, Мәскеуден "кісіні" қойғаны. Не болса да, бұл Ресейде қалыптасқан күрделі  ұлтаралық ахуалдың бар екендігінің айғағы" , — деп жазады сарапшы өзінің Facebook парақшасында.

Асқар НұршаАсқар Нұрша

"Бізде оның әкесі қазақ екенін шулатып айтуда. Айта кетерлік жайт, ол тіпті әкесінің тегін сақтамаған. Өзінің аты Владимир, жұбайы — Юлия. Әрине, өзінің еркі. Бірақ қалай десеңіздер де, Аман Төлеев екеуінің тарихи отанымен шынайы байланысы бар екеніне мен сенбеймін. Төлеевтің де жағдайы осындай: балалары Дмитрий мен Андрей, немерелері: Станислав, Андрей, Татьяна. Яғни, ассимилицияның айқын мысалы. Мен олардың осындай дәрежеге көтеріліп ,жемісті жүмыс істеп жатқанына тек қуанышымды білдіремін. Бірақ олар ресейлік шенеуніктер, сәйкесінше, өз елінде сыйға ие болуы тиіс азаматтар.

Алысқа кетпей-ақ, сол Ресейдің өзінде қазақ мәдени автономиясына үлесін қосып келе жатқан қазақтар толып жатыр: біреуі балаларын оқуға Қазақстанға жіберсе, екіншісі мәдени байланысты сақтауға бар күшін салады. Төлеевтің осындай  іс атқарып  жатқанын ешқашан көрген емеспін.

Бұл ұлтшылдық туралы жазба емес. Менің айтарым, бөтен елде өмір сүріп, жұмыс істеп жатқан атақты қайраткерлердің тек қана этникалық шығу-тегіне ғана бола оларды мақтан тұтудың қажеті жоқ. Керісінше, қандай ұлт өкілі екеніне қарамастан, біздің еліміздің дамуына үлесі мен септігін тигізіп жатқан барша қазақстандықтардың құнын білгеніміз жөн. Сонда ғана біз нағыз патриоттық сана-сезімді дамыта аламыз", — деп ойын түйіндеді эксперт.


Еске сала кетейік, Дағыстан республикасының жаңа басшысының әкесі — Асанбаев Али Асанбаевич (ұлты қазақ) педагог болған, анасы Надежда Ивановна Васильева балабақшада тәрбиеші болып еңбек етті.

1972 жылы КСРО ІІМ Мәскеу арнайы орта милиция мектебін, 1978 жылы Жалпыодақтық заң институтын, 1991 жылы КСРО ІІМ академиясын бітірген.

1967-1997 жылдар аралығында ішкі істер саласында түрлі лауазымды қызметтер атқарды.

1997 жылдың 26 сәуірінде РФ ішкі істер министрі Анатолий Куликовтың бірінші орынбасары болып тағайындалды.

1999 жылдың 31 мамырында РФ Қауіпсіздік кеңесі хатшысы Владимир Путиннің, осы жылдың тамызынан бастап қауіпсіздік кеңесінің жаңа басшысы Сергей Ивановтың орынбасары болды.

2011 жылдың 28 наурызынан РФ ішкі істер министрі Борис Грызловтың орынбасары қызметіне тағайындалды.

2003 жылдан бастап – РФ Федеральды жиналысы Мемлекеттік думасының депутаты (IV, V, VI, VII шақырылымдар).

Қыркүйектің соңында Ресей президенті екі облыстың губернаторын отставкаға жібергенін хабарлаған едік. Владимир Путин барлығы оншақты аймақ басшысын ауыстырмақшы.

Мақала авторы: Сырым Иткулов

Соңғы жаңалықтар