"Дәл мына мәселеде қазақ баласы үйінде отырмайды": Балғынбек Имаш тағы да билікке қарата сөз айтты (ВИДЕО) - kaz.caravan.kz
  • $ 487.42
  • 531.39
+8 °C
Алматы
2024 Жыл
16 Қазан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Дәл мына мәселеде қазақ баласы үйінде отырмайды": Балғынбек Имаш тағы да билікке қарата сөз айтты (ВИДЕО)

"Дәл мына мәселеде қазақ баласы үйінде отырмайды": Балғынбек Имаш тағы да билікке қарата сөз айтты (ВИДЕО)

Айтыскер ақын Балғынбек Имаш бұған дейін ел билігіне өз наразылығын ашық айтып жүрген шайырлардың бірі. Бұл жолы ол қазақтың қандай мәселеде үйде отыра алмай көшеге шығуы мүмкін екені жайлы айтты. Бұл жайтты қозғауға көрші Ресейдегі оқиғалар себеп болса керек.

  • 26 Қаңтар 2021
  • 1692
Фото - Caravan.kz

 Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы хабарлады.

"Алдыңғы поста айтпақ болғанымның жартысы сыймай қалды. Көршілер көтеріліп жатыр. Кәпір тоқ болса, мұсылман тыныш демекші, көршінің шуы бізге естілмей, жаңғырық бермей қалмайды.
Ендеше, етек-жеңді қымтап, толғақты мәселерді шешуді тездетіп қолға алу қажет.
Қазақ көшелі халық болған соң көшеге шығару оңай емес. Парламент сайлауы ма, Президент сайлауы ма, бізге аса маңызды емес. Бірақ, дәл мына мәселелерде қазақ баласын үйінде отырғызу да мүмкін болмай қалады:
1. Жер дауы (ол жерді шетелдіктерге сату ма, жалға беру ма, көрші елдер тарапынан агрессия ма, ұлтаралық кикілжің т.б.)
2. Жесір дауы (отбасы құндылығы, бала, жыныстық гендерлік саясат, вакцинация т.б)

"Қитұрқы жоба деп мәлімдеймін": Балғынбек Имаш жаңа заң жобасына қарсы шығып, билікке дат айтты

Егер шын халықтың жоғын жоқтасаңыздар, халыққа жақындаймыз, халық үнін еститін боламыз десеңіздер, ең әуелі, Ата Заңдағы тіл туралы бапты дұрыстаңыздар!
Одан кейін халықтың мүддесіне қайшы заңдарды қабылдау түгілі талқылауды тоқтатыңыздар.
Тіл түзелмей діл түзелмейді,
Дін түзелмей дым түзелмейді", — деп жазды ақын.

Еске салсақ, Балғынбек Имаш бұған дейін аталған жобаны "Қитұрқы жоба" деп мәлімдеп,  билікке дат айтты. Отбасына қолды салғаны, Отанымызға отыз жыл бомбы жарғанынан жаман жаулық!",- деді танымал айтыскер ақын