Жарияланды: 7900

Дана Нұржігіт бірінші күйеуімен не үшін ажырасқанын айтып берді

Дана Нұржігіт бірінші күйеуімен не үшін ажырасқанын айтып берді

Ағымдағы жылдың шілде айында Дана Нұржігітті сүйіктісі ұзатып алып кеткен болатын. Арты үлкен тойға ұласып, жиынға қазақстандық жұлдыздар мен өзге танымалдар жиналған-ды. Тележүргізуші алғаш рет бірінші күйеуімен не себепті ажырасқанын баяндап берді.

Бұл туралы “Қазақ радиосында” айтылды, деп жазады Stan.kz.

“Бірінші отбасыммен қандай жағдайда ажырап, қандай жағдайда жаңа өмір бастағанымды еш жерде айтқан жоқ едім. Оның себептерін айтқым да келмейді. Өйткені, әңгімесі біткен жұбайлардың сол қазаны жабулы болса екен дегім келеді. Ол өмірдің бір мектебі болды. Оған мен өкінбеймін. Ол отбасында бір-бірімізге береріміз де, бір-бірімізден аларымыз да болды. Бірақ, әңгіме бітті. Әңгімесі таусылған жұбайлар болғандықтан, ол тақырыпты қозғағым да келмейді.

Астанаға ат құйрығын шорт кесіп келгенімнің себебі де осы болды. Өйткені, Алматыда ештеңе ұстаған жоқ бұдан кейін. Мен ол кезде хабар арнасынан кетіп қалдым. Отбасылық, құдалық сынды институттар адам өмірінде бекер табылған институттар емес. Адам өзі мен ортасы үшін есеп беруі керек. “Мен кіммін? Қазір қайда келіп тіреліп отырмын? Қай нүктеге жетіп отырмын?” деген сұраққа жауапты бір күні көзі ашылып көруі керек екен”, – дейді Дана Нұржігіт.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін