Даңққұмарлық: имамдар ауызашар дастарханын мақтанып желіге салуды құптамайды - kaz.caravan.kz
  • $ 486.47
  • 554.77
+24 °C
Алматы
2026 Жыл
27 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Даңққұмарлық: имамдар ауызашар дастарханын мақтанып желіге салуды құптамайды

Даңққұмарлық: имамдар ауызашар дастарханын мақтанып желіге салуды құптамайды

Имамдар ауызашарға арналған дастарханды той секілді сәндеп, мақтанып желіге салуды құптамайды.

  • 27 Мамыр 2019
  • 28
Фото - Caravan.kz

Қасиетті Рамазан айында бүкіл дүние жүзі мұсылмандары қатаң ораза ұстайды.

Дегенмен, имамдар бүгінгі таңда орын алып жатқан көңіл түсірерлік үрдіс туралы сөз қозғады. Олардың сөзінше, күн өткен сайын әлеуметтік желі қолданушылары ораза ұстағанын бүкіл елге көрсетуге тырысып-бағады. Бүгінде ифтар кезінде селфи жасау, Ораза кезіндегі түсірілген суреттерді хештегпен жапа-тамағай салу – ерекше үрдіске айналды.

Ифтар – Ораза кезіндегі кешкі намаз уақыты желіде бір үрдіс болды. Ал, Instagram-да пайдаланушылар Ифтартайм хэштегімен суреттерді жиі салатын болған. Мысалы, олардың суреттерінде сән-салтанатты дастархан және түрлі тағамдар тұрады. 

Яғни, ғаламторда қасиетті айда ораза ұстау сән үлгісіне айналды. Жағдай кейде бұдан сорақысына дейін жетіп, кейбір адамдар ауызашарды үлкен мерекеге айналдыруға тырысады. Бірақ, имамдар адамдардың бұл әрекетін даңққұмарлық деп атады.