Даниал Ахметов Ортақ энергетикалық нарықты қалыптастырудың алғышарттарын атап өтті - kaz.caravan.kz
  • $ 486.47
  • 554.77
+25 °C
Алматы
2026 Жыл
27 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Даниал Ахметов Ортақ энергетикалық нарықты қалыптастырудың алғышарттарын атап өтті

Даниал Ахметов Ортақ энергетикалық нарықты қалыптастырудың алғышарттарын атап өтті

Еуразиялық экономикалық комиссиясы энергетика және инфрақұрылым бойынша алқа мүшесі (министр) Даниал Ахметов бүгін журналистермен кездесу барысында ЕАЭК-тегі ортақ энергетикалық нарықты қалыптастырудың алғышарттарын атап өтті.

  • 9 Шiлде 2014
  • 760
Фото - Caravan.kz

Оның айтуынша, ортақ нарықты қалыптастыруға бірнеше обьективті себептер туындап отыр.

«Экономикалық интеграция шеңберінде алғашқы жылы белсенді тауар айналымы, нақтырақ айтқанда, дәстүрлі тауарлардың айналымы көрініс тапты. Жыл өткен сайын бұл көрсеткіш азайып келеді. Сондықтан, жаңа тауар түрі, жаңа өнімдер қажеттігі туындады. Интергациялық процесті жылдамдату үшін тауар айналымын, энергетикалық ресурстардың айналымын жылдамдату қажет. Бұл туралы ЕАЭК туралы келісімде көрсетілген. Сондай-ақ, үш елдің көмірсутек саласындағы даму мүмкіндігі өте жоғары. Өйткені, осы үш мемлекеттің зерттелген көмірсутек қоры молдығы сонша, олар әлем бойынша бірінші бестікке кіреді. Сондықтан, бұл тауар айналымына үлкен серпін туғызады. Өйткені, кез келген тауар айналымында энерготасымалдаушылар үлкен рөл атқарады», — деді Д.Ахметов.

Оның айтуынша, ортақ нарықты құруда үш мемлекеттің тамырлас тағдыры ықпал етуде. Бұрын Кеңес одағында болған үш елдің техникалық мүмкіндігі де бір-біріне ұқсас.


«Бұрынғы Кеңес одағынан қалған транзиттік потенциалды мейлінше тиімді пайдалану керек. Әрі барлық елдер бірыңғай техникалық стандарттар мен регламенттер арқылы жұмыс жасайды. Қазір мемлекетаралық желілер тек 20 пайызға жұмыс жасап тұр. Мұның бәрі ортақ нарықты қалыптастыруға негізгі алғышарт болып отыр», — деді Д.Ахметов.