Жарияланды: 30

Даниал Ахметов: Шекарадан бірде-бір шетел азаматы өтпейді

Даниал Ахметов: Шекарадан бірде-бір шетел азаматы өтпейді

Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметов облыс пен Қытай арасындағы шекараның өзге елдің азаматтары үшін жабылғанын мәлімдеді.

Бұл туралы Caravan.kz медиа-порталы ҚазАқпарат-қа сілтеме жасап хабарлады. 

 Өңір басшысы Зайсан ауданының тұрғындарымен кездесіп, шекарадан шетелдің бірде-бір азаматы өтпейтінін айтты. «Қытаймен екі арадағы шекара жабылды. Сол үшін барлықтарыңызды сабырға шақырамын. Ал сол елден келген біздің 5 азаматымыз оқшауланып, карантинге жатқызылады. 3 күннен кейін Зайсанға тағы келіп жағдайды бақылаймын», - деді Даниал Кенжетайұлы. Осыған дейін облыс әкімдігі Зайсан ауданындағы ауруханаларға коронавирус жұқтырған Қытай азаматтары жатқызылады деген ақпараттың жалған екенін мәлімдеген еді.

 

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін