Даниал Ахметов Түркияның кеден қызметінің жетекшісін қабылдады - kaz.caravan.kz
  • $ 457.98
  • 490.86
+30 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Даниал Ахметов Түркияның кеден қызметінің жетекшісін қабылдады

Даниал Ахметов Түркияның кеден қызметінің жетекшісін қабылдады

Бүгін, 15-сәуірде ҚР үкімет басшысы Даниал Ахметов Түркияның кеден қызметінің жетекшісі Невзат Сайгилиоғлыны қабылдады. Бұл туралы KZ-today тілшісіне үкімет басшысының баспасөз қызметінен хабарлады.

  • 15 Сәуiр 2004
  • 428
Фото - Caravan.kz

Кездесу барысында тараптар Қазақстан-Түрік қатынасына қатысты, соның ішінде сыртқы саудадағы кедендік статистика және статистикалық ақпараттарды талдау саласындағы өзара ақпараттық және әдістемелік байланыстарға қатысты мәселелер төңірегінде пікір алмасты.

Қазақстан мен Түрік Республикасының шекаралық кеден мекемелерінің жұмысымен танысу, өзара тәжірибе алмасу, өзара түсініктікке қол жеткізу, кедендік бақылаудың озық техникалық құралдары мен қазіргі заманғы ақпараттық технологияларын қолдану мақсатында өзара консультациялар өткізіп тұру және екі елдің кеден қызметкерлері деңгейіндегі іссапарлер ұйымдастыруды жолға қою жөнінде шешім қабылданды.
Бұған қоса кездесуде психотроптық құралдар мен есірткілік заттардың заңсыз айналамында қолданылатын қазіргі тәсілдер туралы мәліметтер, нормативтік-анықтамалық ақпараттар, есірткі контрабандасына қарсы тиімді күрес жүргізу және оған жол бермеудің жаңаша әдістері, сондай-ақ, тараптардың кедендік заңнамаларды бұзуына қатысты ақпараттар алмасуды пәрмендендіру мәселелері талқыланды.
Өзара ынтымақтастықтың үдемелі қарқынмен дамып келе жатқанына қанағаттанғандық білдірген Даниал Ахметов екі елдің кедендік заңнамаларын үйлестіруге әлі де ұмтылу қажеттігін атап өтті.

Соңғы жаңалықтар