Жарияланды: 750

Данияр Ақышев ҚР Ұлттық Банкінің Төрағасы қызметіне тағайындалды

Данияр Ақышев ҚР Ұлттық Банкінің Төрағасы қызметіне тағайындалды

Парламент сенаты дүйсенбіде пленарлы отырыста Данияр Ақышевты Ұлттық банк төрағасы қызметіне тағайындауға келісімін берді.

Д.Ақышев осы кезге дейін президент көмекшісі міндетін уақытша атқарушы – президент әкімшілігінің әлеуметтік –экономикалық мониторинг бөлімінің меңгерушісі болған. Қайрат Келімбетов Ұлттық банкке 2013 жылдың қазан айынан бері жетекшілік етті.
Конституцияға орай, Ұлттық банк төрағасын тағайындауға президентке келісім беру сенаттың ғана құзыретінде.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін