Данияр Ақышев Ұлттық банкке “парасыз” қызметке алуға уәде берді - kaz.caravan.kz
  • $ 443.35
  • 475.54
+6 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Данияр Ақышев Ұлттық банкке “парасыз” қызметке алуға уәде берді

Данияр Ақышев Ұлттық банкке “парасыз” қызметке алуға уәде берді

Бұл туралы Kapital.kz порталының онлайн-конференциясында Ұлттық банк төрағасы Данияр Ақышев мәлімдеді, деп жазады Stan.kz.

«Шара «Ұлттық банкке пара бермей-ақ өз біліміммен қызметке тұрам» деп аталады. Ол үшін

  • 20 Қыркүйек 2016
  • 602
Фото - Caravan.kz

«Шара «Ұлттық банкке пара бермей-ақ өз біліміммен қызметке тұрам» деп аталады. Ол үшін не талап етіледі? Әуелі білімдіболу, ағылшын тілін білу, алға қойған мақсатқа жетуге деген ынтаның болуы», – дейді Ақышев.

Оның айтуынша, банк алдында тұрған негізгі міндеттердің бірі жақсы кадрлар жинау. Ұлттық банк іске асыра алатын жаңа бастамалары бар жас мамандарды іздейтінін атап өтті.

«Біз  жастарды қаржылы-несиелі саясат, қаржымен қамту, қаржылық ұйымдарды қадағалау, алтынвалюталы активтерді басқару, сондай-ақ, жоғары білікті мамандарды облыстағы ақпараттық технология саласына жұмылдыруды көздейміз», – деп атап өтті банк төрағасы.


«Біз бар күшін елдің қаржылық институтына салғысы келетін талантты перспективалы жастарды шақырамыз. Ол үшін жай ғана өз резюмеңіздіpress@nationalbank.kz электронды поштасына жолдаңыз. Осы күннен бастап резюмелерді жинап, бір ай ішінде өтініштерді қарайтын боламыз. 2016 жылдың 20 қазанынан соң өтініш берушілердің ісін қолға алатын боламыз», – деп мәлімдеді банк төрағасы.

Соңғы жаңалықтар