«Дарақы күлкі мен Барселонаға салем салғызу»: Асабаның қазақтың беташар дәстүрін мазақ қылуы елдің ашуына тиді (ВИДЕО) - kaz.caravan.kz
  • $ 441.58
  • 480
+14 °C
Алматы
2024 Жыл
17 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
«Дарақы күлкі мен Барселонаға салем салғызу»: Асабаның  қазақтың беташар дәстүрін мазақ қылуы елдің ашуына тиді (ВИДЕО)

«Дарақы күлкі мен Барселонаға салем салғызу»: Асабаның қазақтың беташар дәстүрін мазақ қылуы елдің ашуына тиді (ВИДЕО)

Әлеуметтік желіде асабының жаңа түскен келінге беташар кезінде еуропалық футбол клубтарына сәлем салдырғаны елдің ашу-ызасын туғызды.

  • 24 Тамыз 2020
  • 238
Фото - Caravan.kz

Аталған видеоны Қуаныш Рахметоллаұлы жеке парақшасына жүктеді, деп хабарлайды Caravan.kz порталы.

Видеода асабаның ортаға шығып; "Бірі білсе, бірі білмейді. Футбол әлемінде Елдар осы "Барселона" клубына жанкүйер екен. Сол үшін "Барселонаның" құрметіне екі сәлем, "Баварияның" құрметіне сегіз сәлем", — дегенін көруге болады.

Оның бұл сөзіне сол жерде тұрған жастар мәз болып күлген.

Алайда желдегі оқырмандары асабаның бұл ісін ұлттық салт-дәстүрді аяққа таптау, құрметсіздік деп ашуға булықты.
"Қазақтың әдемі дәстүрін мазақ қылып тұр, Ішінен есі дұрыс бір адам табылмағанан ба сонда, Қазақтың қастерлі дәстүрін, жаңа түскен келінді, ата ананы мазаққа айналдырып тұрған жетесізге жел беріп күліп тұрған өресі төмен ортаға не деуге болады? Күлкі емес, қасірет қой мынау!
Өңшең өресіздер", деген жазба қалдырған.


 

КЕЛІН БАЛА! БАРСЕЛОНАҒА 2 СӘЛЕМ, БАВАРИЯҒА 8 СӘЛЕМ

Posted by Қуаныш Рахметоллаұлы Смағұл on Saturday, August 22, 2020

 

Соңғы жаңалықтар