"Дәретін сезбейді, өзім ауыстырып жүрдім": Ерекше баланың әкесі ерекше балалар туралы - kaz.caravan.kz
  • $ 462.91
  • 542.16
+17 °C
Алматы
2026 Жыл
4 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Дәретін сезбейді, өзім ауыстырып жүрдім": Ерекше баланың әкесі ерекше балалар туралы

"Дәретін сезбейді, өзім ауыстырып жүрдім": Ерекше баланың әкесі ерекше балалар туралы

Танымал тележүргізуші Әйгерім Сейфолла ерекше балалардың ата-анасы тап болатын қиындықтармен бөлісті.

  • 4 Мамыр
  • 1
Фото: Instagram/aigerim_seifolla

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы хабарлайды.

Әйгерім Сейфолланың YouTube арнасына сұхбат берген психолог пен маман ерекше балалардың ата-аналары кездесетін қиындықтарды сөз етті.

«Ол кезде Ибрахим дәретін сезбейтін. Төрт жастан асқан бала, дәретке сұрана алмайды. Үлкен дәрет, кіші дәрет болсын, памперске отырып жүре береді. Сол кісіге де айтамын, осы уақытқа дейін сіз дәретін ауыстырады екенсіз. Сізге ол ұнай ма? Ол үлкен адамның тамағын жейтін баладан, үлкен адамның дәретіндей иіс шығады. Соны ауыстырудың өзі, ер азаматқа үлкен сын», — деді ол.

Ерекше баланың әкесінің айтуынша, ол кезде баланың анасы жұмысқа шыққан.

«Иә, мен өзім ауыстырып жүрдім. Жұмысымдағы қыздарға рахмет, солар келіп ауыстырып жүрді. Көбінде өзім ауыстырып, өзім жуып жүрдім. Өзім соның бәрін көріп жүрдім. Бір жағынан солай көргенім де дұрыс болды ма деймін», — деді ол.