Жарияланды: 80

Дәретханада отырғанын көрсеткен Аманғали Сыпабеков сынға қалды

Дәретханада отырғанын көрсеткен Аманғали Сыпабеков сынға қалды Сурет - kazchords.kz

«Шалбармен отырмын. Өйткені бұл шалбармен отыратын әжетхана екен. Терезені қарасаңыздаршы. Осындай әжетхана бола ма енді», - дейді Аманғали Сыпабеков.

Әжетханада отырған бейнежазбасын жариялаған әзілкеш жұрттың ашуын келтірді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Аманғали Сыпабеков әжетханада отырған видеосын желідегі парақшасына жүктеп, жазба қалдырған. Әзілкешке әжетхананың ішіндегі терезе ұнамай қалған болуы керек, сол терезені сынаймын деп, Аманғали Сыпабековтың өзі сынға қалды.

Әзілкештің бұл қылығын көрген жұрт ашуға булығып, жарыса пікір қалдырды.

«Неге шалбарыңды шешіп көрсетпейсің?», «Осы жігіт басынан жеркенішті өнерімен жүретін еді», «Осындайды көрсете ме халыққа? Ұят қой мынау», «Не деген ақымақ адамсыңдар», - десті жұрт.

 

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін