"Дәретханадан табылған": Қордайдағы қақтығысқа қатысты күдікті тергеу изоляторында белгісіз жағдайда қайтыс болды - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+22 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Дәретханадан табылған": Қордайдағы қақтығысқа қатысты күдікті тергеу изоляторында белгісіз жағдайда қайтыс болды

"Дәретханадан табылған": Қордайдағы қақтығысқа қатысты күдікті тергеу изоляторында белгісіз жағдайда қайтыс болды

29 сәуірі күні, таңғы сағат 08.00-де Алматы қаласының тергеу изоляторында тергеумен қамауға алынған Кибаев Бекбол Мухамедович камерада бірге отырғандармен сол жақ қолының білек тұсы кесілген күйінде дәретханадан табылған.

  • 30 Сәуiр 2020
  • 166
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа-порталы Бас прокуратураның баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлады. 

Оған изолятордың медициналық қызметкерлерімен бірден алғашқы медициналық көмек көрсетілген, алайда оны құтқарып қалуға мүмкіндік болмаған.

Шақырту бойынша келген жедел жәрдем бригадасымен оның қайтыс болғаны тіркелген. Өлімнің алдын ала себебі қаның көп жоғалтуы болуы мүмкін.

Кибаев Жамбыл облысы Қордай ауданындағы жаппай тәртіпсіздікке қатысқаны үшін ұсталып, тергеу изоляторына қамауға алынған болатын.


Оның қайтыс болу фактісі бойынша Алматы қаласының арнайы прокурорларымен сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде.

Орын алған жағдай бойынша барлық мән-жайлар объективті зерттеліп, жұртшылыққа жеткізілетін болады

Соңғы жаңалықтар