Дәрігер вакциналанған адамдарда омикрон штамының белгісі қандай болатыны туралы айтты - kaz.caravan.kz
  • $ 444.22
  • 476.38
+12 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Дәрігер вакциналанған адамдарда омикрон штамының белгісі қандай болатыны туралы айтты

Дәрігер вакциналанған адамдарда омикрон штамының белгісі қандай болатыны туралы айтты

Ұлыбританиялық эпидемиолог, Лондондағы Корольдік колледжінің профессоры Тим Спектор омикрон шамының вакциналанған адамдарда пайда болуы мүмкін бірнеше белгісін атады.

  • 26 Желтоқсан 2021
  • 40
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Express басылымының мақаласында жазылған, — деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Дәрігердің айтуынша, өзі бақылаған вакцина алған пациенттерде коронавирус симптомдары өте жеңіл болған.

"Көбінде жүрек айнуы, дене қызуының аздап көтерілуі, бас пен тамақ ауруы байқалды", — дейді ол.

Профессор вирус жұқтырғандардың ешқайсы ауруханаға жатқызылмағанын айтты. Сонымен қатар, олардың барлығы "екі және үш рет вакциналанғаны" атап өтілді. Оның сөзінше, вакцина аурудың ауырлығын "анық" төмендеткен.  

Бұған дейін де ұлыбританиялық ғалымдар омикрон штамына тән белгілерді айтқан болатын, олар: шаршау, әлсіздік, дене қызуының көтерілуі, мұрыннан су ағуы, тәбеттің жоғалуы.


Айта кетейік, 22 желтоқсанда Ұлыбританияда бір тәулік ішінде коронавирус инфекциясының 106 мыңнан аса жағдайы анықталып, антирекорд орнады. 

Соңғы жаңалықтар