Дәрігерлер Ақтөбеде туылған 4 аяқты сәбидің жынысын анықтай алмай жатыр - kaz.caravan.kz
  • $ 443.35
  • 475.54
+4 °C
Алматы
2024 Жыл
27 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Дәрігерлер Ақтөбеде туылған 4 аяқты сәбидің жынысын анықтай алмай жатыр

Дәрігерлер Ақтөбеде туылған 4 аяқты сәбидің жынысын анықтай алмай жатыр

Өткен аптада Ақтөбеде сиам егіздері дүниеге келген еді. Оның бір сыңарының ғана дені сау болған.

  • 5 Шiлде 2016
  • 1460
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы aktobetimes.kz хабарлайды.

«Баланың төрт аяғы бар. Оның дене мүшелері дамымай қалған. Сәбидің жынысын нақты айту мүмкін емес», – дейді облыстық балалар емханасынң бас дәрігері Нұрлан Қожин.

Нәресте жансақтау бөлімінде жатыр. Оның артық аяқтарын алуға әлі ерте.

Дүйсенбі күні Ақтөбенің өзге емханасында қолы мен аяқ саусақтары дұрыс бітпеген сәби өмірге келді. Алайда, дәрігерлердің айтуынша, қазір ота жасау қажеттілігі туындамаған.


Балалардың бұлай туылуының нақты себебін дөп басып айтуы қиын. Оған жүктілік кезінде анасының ауырғаны немесе экологияның ластығы себеп болуы мүмкін.

Соңғы жаңалықтар