"Дәрігерлер барын салып жатыр": Біржан Хасанғалиев реанимацияда жатқан ата-анасы туралы тың ақпарат жеткізді - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+23 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Дәрігерлер барын салып жатыр": Біржан Хасанғалиев реанимацияда жатқан ата-анасы туралы тың ақпарат жеткізді

"Дәрігерлер барын салып жатыр": Біржан Хасанғалиев реанимацияда жатқан ата-анасы туралы тың ақпарат жеткізді

Біржан Хасанғалиев ата-анасының қазіргі таңдағы жағдайы туралы айтты.

  • 23 Сәуiр 2021
  • 1026
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы хабарлайды.

Елде тараған індет дүйім жұртқа қауіп төндіріп тұр. Күн санап артқан науқастар саны өсуде.

Хасанғалиевтердің отбасындағы жағдай халықты алаңдатып қойды. Ата-анасының денсаулығы жайлы Біржан Хасанғалиев желіде жазды. 

"Соңғы уақытта қаншама қоңыраулар соғылып, ата-анамның емделу барысын біліп жатқандар өте көп. Үлкен рақмет сiздерге! 

4-5 кун болды реанимацияда жатыр. Дәрігерлердің айтқан: «состояние стабильное,без ухудшения»-деген сөзі көп үміт және сенім бередi.

Алла тағала қолдасын!"

Желіде тележүргізуші Қымбат Досжан:


"Ескендір көкеме ұзақ ғұмыр тілеймін, алла жеңілдігін берсін Дарико апама да сәлем айт!", деп жылы лебізін білдірді. 

 

"Барынша сақтансақ та, қанша қорғансақ та, коронавирус деген жаман дерт ата-анамызды да айналып етпеді.

Қасиетті Opaза айының қарсаныңда бар тілеуім, бар арманым, улкен кiсiлердiң тезірек жазылып, емдерi шипа болып, арамызға қайтып келгенi Дәрігерлер де барын салып жатыр. Оларға сенімім мол. Аминь! Алла тағала қолдап жүрсін!", деп жазды. 

 

Соңғы жаңалықтар