Дәрігерлер қателессе, науқасқа арнайы қордан төлемақы бөлінеді - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+9 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Дәрігерлер қателессе, науқасқа арнайы қордан төлемақы бөлінеді

Дәрігерлер қателессе, науқасқа арнайы қордан төлемақы бөлінеді

Қазақстанда ақ халаттылар ғана ақша салатын қор ашылады.

  • 26 Желтоқсан 2016
  • 690
Фото - Caravan.kz

Жиналған қаржы дәрігерлердің қателігінен зардап шеккен науқастарға төлемақы ретінде жұмсалмақ, деп хабарлайды YK-news.kz.

Мұндай қор құру туралы әңгіменің қозғалғанына бірнеше жылдың жүзі болды. Қысқаша түсіндіре кетсек, дәрігерлердің ем-домнан қателік жіберіп, науқастардың сол үшін төлемақы талап ететін жағдайлары кездесіп жатады. Кейде төлемақының көлемі салмақты болып, кінәлі дәрігер немесе фельдшердің ондай ақшаны қалтасы көтермей, туған-туыс, дос-жарандарынан көмек сұрауға мәжбүр болады.

Енді қаржылық ұйымның дайындалған жобасы Әділет министрлігінен тіркеуден өтетіні белгілі болып отыр.


— Оған әркім өз еркімен қатысады, — деді Ұлттық денсаулық сақтау палатасының басқарма төрайымы Алмагүл Қауышева. — Атап айтайын дегенім, әңгіме дәрігердің салғырттығы емес, қателігі туралы болып отыр. Маман өз міндетіне салғырт қарады ма, жоқ, қателесіп кетті ме, о жағын анықтау үшін, әр жолы тәуелсіз сарапшылардан тұратын арнайы комиссия жұмыс істейді.

Соңғы жаңалықтар