Дәрігерлер зәр орнына шай өткізілгенін білмей, қорытынды жазып берген - kaz.caravan.kz
  • $ 443.44
  • 480.51
+25 °C
Алматы
2024 Жыл
18 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Дәрігерлер зәр орнына шай өткізілгенін білмей, қорытынды жазып берген

Дәрігерлер зәр орнына шай өткізілгенін білмей, қорытынды жазып берген

Армениядағы ауруханалардың бірінде дәрігерлер анализге өткізген шайдың зәр емес екенін айыра алмаған

  • 8 Ақпан 2018
  • 198
Фото - Caravan.kz

Арменияның Масис қаласындағы ауруханалардың бірінде мекеме директоры Нунэ Аванесян зертханаға зәрдің орнына шай тапсырған. Сондай-ақ, ол зерттеу нәтижесін алған, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі lenta.ru-ға сілтеме жасап.

«Мен түрлі атпен қан тапсырдым, сол кезде әртүрлі нәтижелер алдым. Сонымен қатар, зәрдің орнына шай өткіздім. Оның да эритроцит, лейкоцит, эпителий сияқты жазбалары бар нәтижесі қолыма тиді», — дейді дәрігер.

Оның айтуынша, зертхананың қызметкерлеріне қатысты көп сын айтылған. Қазіргі таңда 15 қызметкердің 8-і жұмыстан кететіндері жөнінде арыз жазған.


Басылымның жазуынша, қазір Арарат ауданының әкімшілігі осы оқиғаға қатысты тексеріс жүргізуде. Тексеріс нәтижесі шыққаннан кейін тәртіптік жазалау туралы шешім шығарылатын болады.

Соңғы жаңалықтар