Жарияланды: 500

Дариға Назарбаева: Әр елде бастапқы арналар - отандық, ал бізде түріктің, кәрістердің, ағылшынның арналары көрсетіледі

Дариға Назарбаева: Әр елде бастапқы арналар - отандық, ал бізде түріктің, кәрістердің, ағылшынның арналары көрсетіледі

Еліміздегі қонақ үйлерде Қазақстанның телеарналарын негізгі каналдар ретінде қосқызу мәселесі реттелмек.

Бұл туралы бүгін Қазақстанда сандық телеарнаны енгізу мәселелері бойынша Парламент Мәжілісінің әлеуметтік-мәдени даму комитетінің отырысында айтылды. Отырыс барысында еліміздегі қонақ үйлерде қазақстандық телеарналарды көрсету мәселесі көтерілді. Депутаттардың сөзіне қарағанда, бүгінде қонақ үйлерде көбінесе шетелдік каналдар таңнан кешке дейін көпшілік назарына ұсынылып отыр. Осы орайда бұл тұрғыдағы мәселе реттелуі тиіс деген пікір ортаға салынды. Депутат Алдан Смайылдың айтуынша, қазір Астана мен Алматыдағы кейбір қонақ үйлерде еш жерде естімеген каналдар қосылып тұрады. Мәселен, қай елдің азаматтары қонақ үйді алса, сол мемлекеттің телеарналарын қосып, таратады. «Бұлар қандай жолмен қосылып отыр»,-деп сұрады депутат. «Атап айтқанда, бұл өз алдына бөлек жұмыс болып табылады. Оны біз жақын арада қарастырамыз»,-деді ҚР Мәдениет және ақпарат вице-министрі Арман Қырықбаев. Өз кезегінде депутат Дариға Назарбаева бұл мәселені заңнамалық түрде шешу керек екенін алға тартты. «Әр елге барғанда, бастапқы каналдар отандық телеарналардан басталады. Бізде болса, түріктің, кәрістердің, ағылшынның арналары көрсетіледі»,-деді Д. Назарбаева.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін