Дариға Назарбаева: Ауыл шаруашылығы саласы көрсеткіштері әлемдік деңгейден айтарлықтай артта қалған - kaz.caravan.kz
  • $ 441.88
  • € 503.61
+18 °C
Алматы
2026 Жыл
28 Қыркүйек
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Дариға Назарбаева: Ауыл шаруашылығы саласы көрсеткіштері әлемдік деңгейден айтарлықтай артта қалған

Дариға Назарбаева: Ауыл шаруашылығы саласы көрсеткіштері әлемдік деңгейден айтарлықтай артта қалған

Сенат спикері Дариға Назарбаева Ауыл шаруашылығы саласының абсолюттік көрсеткіштері бол­машы дәрежеде өсіп, әлемдік көр­сет­кіштерден айтарлықтай артта қалғанын айтты.

  • 6 Наурыз 2020
  • 27
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы   "Егемен Қазақстан" басылымында жарияланған Дариға Назарбаеваның "Бақуатты ауыл – қуатты Қазақстан" материалында айтылды.

Дариға Назарбаева еліміздегі ауыл шаруашылы саласындағы ірі қара мал басы санының өсуі мардымсыз  екенін айтты. Мәселен – 2014 жылы 6 032,7 мың бастан 2019 жылы 7 437,6 мың басқа дейін өсті. Ұсақ қара мал (қой мен ешкі) басының саны 2019 жылдың соңына қарай 19 092,0 мың басты, жылқы саны – 2 825,9 мың басты, құс саны – 45 197,1 мың басты құрапты. 

Ал елімізде өндірілген ауыл шаруашылығы өнімінің 80%-ы қайта өңделмей шикізат түрінде өткі­зіледі екен. Яғни өте төмен қосылған құн салы­ғымен сатылады. 

— Сыртқы саудада үлкен мөлшерде диспропорция байқалады. Жыл сайын тауар айналымының теріс теңгерімі тіркеледі – 500 млн АҚШ долларынан – 1 млрд АҚШ долларына дейінгі шамада, яғни елімізге ауыл шаруашылығы өнімі көп әкелініп, аз әкетіледі, — деді Сенат төрағасы. 

Ал жалпы Қазақстан ауыл шаруашылы саласын дамытуға ең қолайлы өлке. Өйткені жер ресуртары жеткілікті әрі ауа райы қолайлы.


— Қазақстанның тиімді географиялық орналасуы және жер ресурстарының үлкен қорын қамти алғанда оның табиғи-климаттық жағдайы (ел алқаптарының 74%-ы егіншілікке жарамды), ауыл ша­руа­шылығы өнімдерінің өндірісін бірнеше есе арттыруға және жақын орналасқан ел­дерге экспортты ұлғайтуға мүмкіндік береді, — деді Дариға Назарбаева.