Дәріханада әйелін аяусыз пышақтап өлтірген Құлымбетовтың соты басталады - kaz.caravan.kz
  • $ 448.89
  • 477.93
+16 °C
Алматы
2024 Жыл
18 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Дәріханада әйелін аяусыз пышақтап өлтірген Құлымбетовтың соты басталады

Дәріханада әйелін аяусыз пышақтап өлтірген Құлымбетовтың соты басталады

Алматы облысындағы Қарасай ауданында болған қанды оқиғаға байланысты сот отырысы басталады. 13 жыл бойы отасқан әйелін жұмысына барып, б

  • 10 Тамыз 2017
  • 368
Фото - Caravan.kz

Алматы облысындағы Қарасай ауданында болған қанды оқиғаға байланысты сот отырысы басталады. 13 жыл бойы отасқан әйелін жұмысына барып, бірнеше жерінен пышақтаған күдікті Азамат Құлымбетов сот алдында жауап береді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Тамыздың 14 күні сағат 11-00 де Қарасай аудандық сотының ғимаратында алдын ала тыңдалымы өтеді. Іс Алматы облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотымен қаралады. Күдікті Азамат Құлымбетов «Адам өлтіру» бабы бойынша айыпталып отыр. Естеріңізге сала кетейік, қанды оқиға биыл 18 ақпанда Қарасай ауданындағы «Асыл арман» тұрғын үйлерінің бірінде орналасқан дәріхана ішінде болған. 1983 жылғы Азамат Құлымбетов әйелінің жұмыс орнына келіп, оны аяусыз пышақтап, өлтірген. Және оның бұл әрекеті бейнекамераға түскен. Ал қаза тапқан 33 жастағы Жанар Насырованың артында екі баласы қалды.



 

Соңғы жаңалықтар