Дархан Кәлетаев «ASAR» форумының пленарлық сессиясын ашты - kaz.caravan.kz
  • $ 448.89
  • 477.93
+18 °C
Алматы
2024 Жыл
18 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Дархан Кәлетаев «ASAR» форумының пленарлық сессиясын ашты

Дархан Кәлетаев «ASAR» форумының пленарлық сессиясын ашты

ҚР Дін істері және азаматтық қоғам министрі Дархан Кәлетаев осы күндері Талдықорған қаласында өтіп жатқан ««ASAR» үшжақты ынтымақтастық форумының пленарлық сессиясының жұмысын ашты.

  • 22 Маусым 2018
  • 41
Фото - Caravan.kz

Өзінің алғы сөзінде министр Дархан Кәлетаев «ASAR» форумының алаңы қоғамдағы өзекті мәселелерді шешу үшін ҮЕҰ, мемлекет және бизнестің ынтымақтастығына тиімді, сұранысқа ие және креативті диалог алаңына айналатынына сенім білдірді.

«ASAR» платформасы «Рухани жаңғыру» аясындағы «Атамекен» кіші бағдарламасын жүзеге асырушы құралдардың бірі болып табылады. «ASAR» — бұл коммуникациялық құрал, ол ҮЕҰ, бизнес және мемлекет бірлесе жұмыс істейтін үздік тәжірибелерді таратуды, қосымша ресурстарды тартуды және жасалатын іс-шараларды белсендіруді қамтамасыз етеді», — деп атап өтті Д. Кәлетаев.

Министр «Рухани жаңғыру» бағдарламасының аясында 2017 жылы еліміздің меценаттарының қолдауымен 424 ғимарат бой көтергенін және жалпы құны 52 млрд. теңгеге 377 нысанға жаңғырту жұмыстары жүргізілгенін атап өтті. Аталған жұмыстарды іске асыруға 1502 меценат қатысқан. Осылайша, «әлеуметтік жауапкершілікті инвесторлар мен инвесторлар» категориясы құрылды.

Форум «әр жылы- жаңа өңір» қағидасы бойынша өтуде, бұл өз кезегінде тұтастай алғанда ел деңгейінде, сондай-ақ, өңірлердегі үш жақты ынтымақтастық мүмкіндіктерін және қарқынын көрсетуге серпін береді. 2017 жылы алғашқы «ASAR» форумы Атырауда өткен болатын, биылғы жылы кезекті форумды Талдықорған қаласында өткізу туралы шешім қабылданды.


«Алматы облысы үкіметтік емес ұйымдар жергілікті қоғамдастық Қорын құру бойынша арнайы жоба әзірлеген, және оны тәжірибе жүзінде іске асырған еліміздегі алғашқы өңір», — деп атап өтті Дархан Кәлетаев.

2018 жылы «ASAR» форумына 300-ден астам отандық және халықаралық үкіметтік емес ұйымдар мен бизнес-компаниялар қатысуда. Осы жылы форум «Өңірлердің тұрақты дамуына жергілікті қоғамдастықтардың қосқан үлесі» тақырыбында өтуде. Осылайша аталған форумының атауы ауылшарушылығы саласы қарқынды дамыған Алматы облысының ҮЕҰ-бизнес-мемлекет үшжақты ынтымақтастығына арналған.

Соңғы жаңалықтар