Дәурен Абаев "Artsport" бағдарламасы алдағы уақытта қалай жұмыс істейтінін айтты - kaz.caravan.kz
  • $ 470.8
  • 545.99
+11 °C
Алматы
2026 Жыл
22 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Дәурен Абаев "Artsport" бағдарламасы алдағы уақытта қалай жұмыс істейтінін айтты

Дәурен Абаев "Artsport" бағдарламасы алдағы уақытта қалай жұмыс істейтінін айтты

Мәдениет және спорт министрі Дәурен Абаев қазақстандық балалар спортпен және шығармашылықпен тегін айналысуды жалғастыратынын айтты.

  • 19 Тамыз 2022
  • 15
Фото - Caravan.kz

Ол “Artsport" бағдарламасы әрі қарай қалай жұмыс істейтініне тоқталды, деп хабарлайды "Хабар 24" арнасына сілтеме беріп Stan.kz ақпарат агенттігі.

Бұл туралы министр Алматы облысының тұрғындарымен кездесуінде мәлімдеді.

Жаттығулар жасауға жағдайды жақсарту үшін бағдарламаға өзгерістер енгізіледі. Министр бағдарлама платформасын Ұлттық білім беру деректер қорымен интеграциялау жұмыстары жүргізіліп жатқанын атап өтті.

Бұл қызмет көрсетушілерге қойылатын талаптарды күшейтіп, спорт түріне байланысты балалардың жаттығуға қатысу басталатын жасты бекітеді.