Дауыл Атырау облысына ондаған миллион теңге шығын келтірді - kaz.caravan.kz
  • $ 470.8
  • 545.99
+13 °C
Алматы
2026 Жыл
25 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Дауыл Атырау облысына ондаған миллион теңге шығын келтірді

Дауыл Атырау облысына ондаған миллион теңге шығын келтірді

Атырау. 28 мамыр. "Қазақстан Бүгін" - Атырау облысының Махамбет ауданында соққан дауыл ондаған миллион теңге шығын келтірді, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі.

  • 29 Мамыр 2008
  • 546
Фото - Caravan.kz

Атырау облысының ұтқыр дайындық, азаматтық қорғаныс, апаттардың алдын алу мен салдарын жоюды ұйымдастыру басқармасының бастығы Халел Мақсұтов хабарлағандай, жаңбыр араласқан дауыл жарты сағат соққан. Құйын шамамен 200 нысанның шатырларын ұшырып әкеткен. Оның ішінде, тұрғын үйлер, орта мектептер, мәдениет үйлері бар. Боран сондай-ақ, бетоннан салынған электр желілерінің бағаналарын құлатып, газбен қамту жүйелерін, телефон кабельдерін зақымдаған.

Сонымен қатар, қатты соққан желден жақын күндері пайдалануға берілуі тиіс болатын әлеуметтік нысандарға зақым келген. Х. Мақсұтовтың хабарлауынша, адам шығындары болмаған.

Апат салдарын жою үшін апаттық бригадалар құрылған. Кеше түнгі сағат 24.00-ге қарай ауруханаларға электр энергиясын жіберу мүмкіндігі туған. Билік өкілдері зардап шеккендерге барлық қажетті көмек көрсетуге уәде беріп отыр.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті