ДДСҰ әлем көшбасшыларын "теңсіздікті" жоюға шақырды - kaz.caravan.kz
  • $ 443.72
  • 482.28
+18 °C
Алматы
2024 Жыл
21 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
ДДСҰ әлем көшбасшыларын "теңсіздікті" жоюға шақырды

ДДСҰ әлем көшбасшыларын "теңсіздікті" жоюға шақырды

 

  • 12 Тамыз 2021
  • 24
Фото - Caravan.kz

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы (ДДСҰ) әлем көшбасшылары мен бай елдерді коронавирусқа қарсы  вакцинаға қолжеткізудегі "теңсіздікті" жоюға шақырды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі The New Paper басылымына сілтеме жасап.

ДДСҰ бас директорының аға кеңесшісі және дамушы елдерге пандемиямен күресу үшін ресурстармен қамтамасыз етуге бағытталған ACT Accelerator Initiative көшбасшысы Брюс Эйлворд ұйым әлемнің ең қуатты 20 көшбасшысы мен фармацевтикалық менеджерлерінен күзге дейін коронавирусқа қарсы вакциналарға қолжеткізудегі "теңсіздікті" жоюға шақыратынын мәлімдеді.

Эйлвардтың айтуынша, вакциналарға қолжеткізудегі теңгерімсіздік әлемді ашуландыруы керек. Бай елдерді қыркүйекке дейін барлық елге халықтың кем дегенде 10 пайызын вакциналауға көмектесуге шақырды. Қазіргі уақытта дәрі-дәрмектің жетіспеушілігінен табысы төмен елдердің 1,1 пайызы ғана кем дегенде бір дозаны алған.

ДДСҰ 2022 жылдың басында әлемде 300 миллион коронавирус жұқтыру дерегі тіркелетінін жоққа шығармайды. Бірақ бұған вакцинация арқылы жол бермеуге болады. Ұйым мәліметінше, тек соңғы алты айда COVID-1

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы (ДДСҰ) әлем көшбасшылары мен бай елдерді коронавирусқа қарсы  вакцинаға қолжеткізудегі "теңсіздікті" жоюға шақырды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі 
The New Paper
 басылымына сілтеме жасап.

ДДСҰ бас директорының аға кеңесшісі және дамушы елдерге пандемиямен күресу үшін ресурстармен қамтамасыз етуге бағытталған ACT Accelerator Initiative көшбасшысы Брюс Эйлворд ұйым әлемнің ең қуатты 20 көшбасшысы мен фармацевтикалық менеджерлерінен күзге дейін коронавирусқа қарсы вакциналарға қолжеткізудегі "теңсіздікті" жоюға шақыратынын мәлімдеді.

Эйлвардтың айтуынша, вакциналарға қолжеткізудегі теңгерімсіздік әлемді ашуландыруы керек. Бай елдерді қыркүйекке дейін барлық елге халықтың кем дегенде 10 пайызын вакциналауға көмектесуге шақырды. Қазіргі уақытта дәрі-дәрмектің жетіспеушілігінен табысы төмен елдердің 1,1 пайызы ғана кем дегенде бір дозаны алған.

ДДСҰ 2022 жылдың басында әлемде 300 миллион коронавирус жұқтыру дерегі тіркелетінін жоққа шығармайды. Бірақ бұған вакцинация арқылы жол бермеуге болады. Ұйым мәліметінше, тек соңғы алты айда COVID-19 жұқтырғандардың жалпы саны 100 миллионнан 200-ге дейін артқан.

Соңғы жаңалықтар