ДДСҰ әлемде тағы бір локдаун болуы мүмкін екенін ескертті - kaz.caravan.kz
  • $ 441.8
  • 480.02
+12 °C
Алматы
2024 Жыл
21 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
ДДСҰ әлемде тағы бір локдаун болуы мүмкін екенін ескертті

ДДСҰ әлемде тағы бір локдаун болуы мүмкін екенін ескертті

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДДСҰ) Ресейдегі ресми өкілі Мелита Вуйнович коронавирустың "дельта-плюс" штамы локдаунның тағы бір толқынын тудыруы мүмкін деп мәлімдеді, - деп хабарлайды РБК.

  • 29 Маусым 2021
  • 53
Фото - Caravan.kz

"Вакцинацияға қоса маска режимі, өйткені "дельтаға" вакцина жеткіліксіз. Қазір қысқа уақыт ішінде осыған күш салу керек, әйтпесе локдаун", — деді Вуйнович "Соловьев Live" YouTube-арнасының эфирінде, деп хабарлады Caravan.kz порталы tengrinews.kz— сілтеме жасап. 

Оның айтуынша, вакцинация қажет. Өйткені ол вирустың таралуын және аурудың ауыр өту мүмкіндігін азайтады.

"Тек ұжымдық иммунитет пен вирустың тарауын тежеу. Бұл тіпті азайту (вирустың тарауын — ескерт.) үшін қосымша шаралар қажет болады дегенді білдіреді", — деді ДДҰ өкілі.

Вуйнович "дельта-плюс" штамымен байланысты жағдай алаңдатарлық екенін айтты. Себебі, вирус тез таралады.

"Дельта" штамы көп жасушаға әсер етеді. Адам көп адамға жұқтыруы мүмкін және өте тез. … Әлі шыңы болған жоқ, вирус жылдам тарап барады", — деп қорытындылады ол.


ДДСҰ-ның Ресейдегі ресми өкілі Мелита Вуйнович. © РРИА Новости

Үндістанда "дельта" штамы былтыр қазанда табылған болатын. Штамм бүкіл әлемге таралды, оның ішінде ол Қазақстанда да анықталды. 20 маусымда Үндістан билігі "дельта-плюс" деп аталатын "дельта" штамының мутациясы анықталғанын хабарлады. Жаңа штамм бұрынғыға қарағанда тез таралады. Сондай-ақ, ғалымдар "дельта-плюс" антиденелер жасаған қорғанысты жеңе алатынын мойындады.

Соңғы жаңалықтар