ДДСҰ бір тәулікте коронавирустың жұқтыруға қатысты рекордты тіркеді - kaz.caravan.kz
  • $ 441.58
  • 480
+16 °C
Алматы
2024 Жыл
17 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
ДДСҰ бір тәулікте коронавирустың жұқтыруға қатысты рекордты тіркеді

ДДСҰ бір тәулікте коронавирустың жұқтыруға қатысты рекордты тіркеді

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы соңғы 24 сағатта 300 мыңға жуық коронавирус жұқтыру дерегін тіркеді. Бұл пандемия басталғаннан бергі бір тәулік бойынша рекорд көрсеткіш.

  • 16 Тамыз 2020
  • 8
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы ҚазАқпарат-қа сілтеме жасап хабарлайды. 

ДДСҰ рекорд көрсеткіш туралы 15 тамызда сенбі күні кешке мәлім етті.

Сарапшылардың мәліметі бойынша, вирустың жұғуына қатысты көрсеткіштің көп бөлігі статистикаға енбей қалады. Өйткені вирусты анықтайтын тест жасамайтын мемлекеттер де бар.

ДДСҰ мәліметі бойынша, 24 сағат ішінде 294 мың адам коронавирус жұқтырған. Бұл 31 шілдедегі алдыңғы рекордтан 2 мыңға артық. Жұқтыру дерегі көп тіркелген елдер қатарында АҚШ, Бразилия, Үндістан бар.


Індет басталғаннан бері 21 миллионнан астам адам коронавирус жұқтырған. Індеттен 755 мыңнан астам адам өлген.

Соңғы жаңалықтар