Жарияланды: 20

ДДҰ саяхатшылар үшін вакцинация төлқұжатын енгізуге қарсы

ДДҰ саяхатшылар үшін вакцинация төлқұжатын енгізуге қарсы

 

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы көптеген елдің халықаралық бағыттар бойынша жүруге қолайлы жағдай жасау үшін вакцинация деректерін пайдалану ұстанымымен келіспейді, - деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап. 

ДДҰ-ның ресми өкілі, доктор Маргарет Харрис (Доктор. Margaret Harris) ұйым атынан халықаралық сапарларға коронавирус вакцинацияның электрондық төлқұжатына қатысты сыни пікір білдірді.

ДДҰ екпе салдырған адам вирусты жұқтырмау үшін панацея екеніне сенімді емес.

Дүниежүзілік ұйымның бұл ұстанымы вакциналық препараттардың әсерін, оның ішінде ағзаның екпеге жауап ретінде антиденелер жасау қабілетіне тым аз уақытта жасалған зерттеуіне негізделген.

Сондықтан, вакцинациялау туралы мәліметтердің болуы немесе болмауы қағидаты бойынша адамдарды кемсітпеу үшін ДДҰ бұл ақпаратты елдер арасындағы қозғалыс үшін талап ретінде пайдалануға қарсы.

Ал Еуроодақта 15 маусымнан бастап қатысушы елдердің азаматтары үшін Green Digital Sertificate енгізу жоспарланып отыр. Цифрлық құжатта өндірушінің атауын, вакцина салынған күнін, антиденелердің бар-жоғын және жасалған барлық PCR-тестердің нәтижелерін көрсете отырып, ковидке қарсы егулер туралы деректер енгізілуі тиіс.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін