Демалыс күндері Алматыда қандай нысандар жабылады - kaz.caravan.kz
  • $ 487.44
  • 567.38
+19 °C
Алматы
2026 Жыл
7 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Демалыс күндері Алматыда қандай нысандар жабылады

Демалыс күндері Алматыда қандай нысандар жабылады

Қаланың бас санитар дәрігері дүйсенбіге қатысты қосымша ақпарат шығатынын да жеткізді. Себебі 31 тамыз да демалыс күні болады.

  • 28 Тамыз 2020
  • 18
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Sputnik.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Алматы қаласының бас мемлекеттік санитар дәрігері Жандарбек Бекшин демалыс күндері жабылатын нысандар туралы айтып берді.

"Демалыс күндері жабық базарлар, шаштараздар, салондар, моншалар мен сауналар жұмыс істемейді. Ірі нысандар да жабық болады", — деді Бекшин өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен онлайн брифингте.

Оның айтуынша, сенбі-жексенбі күндері тауға шығуға тыйым салынады. Сондай-ақ, қоғамдық көлік тоқтатылады.

"Әзірше, сенбі-жексенбі күндері қоғамдық көлік жұмыс істеймейді. Жағдайға қарай өзгерістер болады. Қазіргі кезде біз барлық көрсеткіштерді бақылап отырмыз. Ауруды жұқтыру, өлім-жітім, науқастардың саны мен ауруханадағы бос орындар сияқты көрсеткіштер ең төмен деңгейде болғанда демалыс күндері қоғамдық көлікті жүргізу және нысандарды ашу мәселесі қаралады", — деп атап көрсетті Бекшин.


Осы орайда қаланың бас санитары дүйсенбіге қатысты қосымша ақпарат шығатынын да жеткізді. Себебі 31 тамыз да демалыс күні болады.