Жарияланды: 810

Демалыс күндері еліміздің басым бөлігінде қар жауып, боран соғады

Демалыс күндері еліміздің басым бөлігінде қар жауып, боран соғады

14-16 қараша аралығында Қазақстан аумағы арқылы жылжитын циклон және атмосфералық фронттар оның барлық дерлік облыстарында жауын-шашын тудырады.

Алдағы демалыс күндері республикадағы ауа райына олардың ықпалы сақталады, деп хабарлайды «Қазгидромет» РМК.

Солтүстік және шығыс облыстарында қар жауып, кей жерлерде боран соғады, көктайғақ болады. Республиканың оңтүстік бөлігінде жаңбыр соңы кей жерлерде жабысқақ қарға ұласады.

Қазақстанның шеткі солтүстік және солтүстік-шығыс аудандарындағы ауа райына антициклон тау сілемдері әсер ететін болады, оның орталығы Батыс Сібірде орналасқан, сондықтан мұнда түнгі температура 15-20º аязға дейін төмендейді, ол климаттық нормадан 4-8º төмен.

Қалған аумақта ауа температурасы қалыпты шамасынан ауытқымайды және одан 1-3º жоғары сақталады.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін