Демалыс күндері оңтүстікте ауа температурасы +22 градусқа дейін жылынады - kaz.caravan.kz
  • $ 470.8
  • 545.99
+11 °C
Алматы
2026 Жыл
23 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Демалыс күндері оңтүстікте ауа температурасы +22 градусқа дейін жылынады

Демалыс күндері оңтүстікте ауа температурасы +22 градусқа дейін жылынады

29-31 қазанда Қазақстанның оңтүстігінде ауа температурасы +22 градусқа дейін жылынады, деп хабарлады «Қазгидромет» РМК. 

  • 28 Қазан 2016
  • 1001
Фото - Caravan.kz

«Қазан айында Қазақстандағы ауа райына әсер еткен солтүстіктен келген суық ауа ағынын біртіндеп оңтүстік-батыстан келген жылы ағын ығыстыруда. Сондықтан алдағы үш тәулікте  республикада ауа температурасы көтеріледі деп болжанған.  Атмосфералық фронттардың өтуімен Қазақстанның солтүстік аймақтарында жауын-шашын болады, ал оңтүстікте кей жерлерде жаңбыр жауады деп күтілуде.

Ауа температурасы орташа көпжылдық деңгейге жуық және одан жоғары болады.  Оңтүстік пен оңтүстік-шығыста күндізгі температура 17-22º жылынады деп күтілуде»,- делінген хабарламада.