Қазақстан аумағында демалыс күндері қар және жаңбыр түріндегі жауын-шашын күтіледі, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазгидромет" РМК өкілдеріне сілтеме жасап.
"Алдағы демалыс күндері циклон мен салқын атмосфералық фронттардың өтуімен Қазақстанның көптеген облыстарында қар және жаңбыр түріндегі жауын-шашынмен бұлтты, арты көктайғақ пен тұманға ұласатын ауа райы күтіледі. Оңтүстік облыстардың көбінде жаңбыр, дүйсенбі жаңбыр қарға ұласады деп болжануда, бұл ретте ауа температурасы осы маусым үшін әдеттегіден төмен болады", — делінген хабарламада.