"Денесінің 95 пайызы күйген": Теміртаудағы "Арселор Миттал" компаниясында жарылыс болып, жұмысшылар зардап шекті - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+19 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Денесінің 95 пайызы күйген": Теміртаудағы "Арселор Миттал" компаниясында жарылыс болып, жұмысшылар зардап шекті

"Денесінің 95 пайызы күйген": Теміртаудағы "Арселор Миттал" компаниясында жарылыс болып, жұмысшылар зардап шекті

Теміртаудағы "Арселор Миттал" компаниясындағы жылу орталығында жарылыс болды. Денекерлеу жұмысы кезінде апатта от тұтанып, екі адам оңбай күйіп қалған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі "КТК" арнасына сілтеме жасап.

  • 12 Наурыз 2021
  • 26
Фото - Caravan.kz

Апат бүгін таңертең болған. Ыстыққа жақын тұрған бояу құйылған бөшке жарылып, арты қызыл жалынға ұласыпты. Осы кезде цехта болған екі жұмысшы оттан қашып үлгермеген.

Орталықтағы жөндеу жұмыстары тоқтап, апат салдарын тексеруге арнайы комиссия аттанды. Денесін күйік шалғандар ауруханаға шұғыл жеткізілген. 50 жастағы азаматтың кеудесі мен қол-аяғы өртке шарпылған. Ал 51 жастағы екінші жұмысшының денесінің 95 пайызы күйіп, ол ес-түссіз жатыр.

"Ауыр және терең күйік алған. Теміртау қаласының ауруханасындағы жансақтау бөлімінде жатыр. Жарақатының ауырлығына байланысты жолды көтере алмайтындықтын, Қарағандыға әкеле алмадық. Сол жерге білікті мамандарды жібердік. Денесінің 25 пайызы күйген екінші науқасты Қарағандыға жеткіздік", — деді Қарағанды облысы ДСБ ахуалдық орталық меңгерушісі Ерік Шонбаев.


Соңғы жаңалықтар