Денис Теннің өліміне қатысты күдікті өз кінәсін мойындады - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+12 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Денис Теннің өліміне қатысты күдікті өз кінәсін мойындады

Денис Теннің өліміне қатысты күдікті өз кінәсін мойындады

Қазіргі уақытта ол уақытша ұстау изоляторына тоғытылды.

  • 20 Шiлде 2018
  • 296
Фото - Caravan.kz

Алматы прокуроры Берік Жүйріктаев Денис Теннің өліміне қатысты күдіктінің есімін атады. Оның аты-жөні Қиясов Нұралы Дәулетбекұлы. Ол өз кінәсін мойындады, деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Ведомство мәліметінше, ол қылмысын мойындады. Ұсталған күдіктінің аты-жөні — Қиясов Нұралы Дәулетбекұлы. Күдікті 1994 жылы дүниеге келген, Жамбыл облысының тумасы. 

Мәнерлеп сырғанаушының жағдайы ауыр: Денис Тен үш литр қан жоғалтқан

Осыған дейін дәрігерлер Денис Тенді неге аман алып қала алмағанын түсіндірген болатын. Орталық қалалық клиникалық аурухананың бас дәрігерінің орынбасары Ержан Құттығожиннің айтуынша, Денис Тен ауруханаға сағат 15.23-те түсті.

"Барлық туысы мен жақынына көңіл айтамын. Кенеттен келген өлім болды. Клиникаға аса ауыр жағдайда түсті. Екі сағаттан аса уақыт бойы жүрегі мен өкпесіне жансақтау шаралары жүргізілді. Бірақ, амал не, қайтыс болды. Өмірлік маңызы бар органдарындағы жарақаттар таңып қайтыс болды", — деп түсіндірген еді дәрігер.


Нұрсұлтан Назарбаев Денис Теннің туыстарына көңіл айту жеделхатын жолдады 

Еске салайық, кеше, 19 шілдеде Алматыда белгісіз біреулер Денис Тенді пышақтап кеткен болатын. Оқиға шамамен 15.00-де Құрманғазы мен Байсейітова көшелерінің қиылысында болған. Кейін қалалық ІІД өкілдері Денис Тенге автоұрылар шабуыл жасағанын мәлімдеді. Сөйтсек, спортшы ұрылардың үстінен түскен болып шықты. Жанжал кезінде спортшының аяғына пышақ тиіп, көп қан жоғалтқан ол ауруханада көз жұмды.
 

Соңғы жаңалықтар