Денистің ақтық сапарында "Жарайсың, Браво!" деп ысқырып, қол шапалақтадық - Дина Төлепберген - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+10 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Денистің ақтық сапарында "Жарайсың, Браво!" деп ысқырып, қол шапалақтадық - Дина Төлепберген

Денистің ақтық сапарында "Жарайсың, Браво!" деп ысқырып, қол шапалақтадық - Дина Төлепберген

Денис Тенді шығарғанда "Жарайсың, Браво!" деп ысқырып, қол шапалақтадық - Дина Төлепберген.

  • 23 Шiлде 2018
  • 1878
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа-порталы хабарлайды. 

"Адам дүниеге келгенде жылап келеді, жұрт қуанады. Кеткенде керісінше, жұрт жылайтындай бол" деуші еді. Денис солай етті… Қазақ елі әлі есін жияр емес. 

Бүгін Балуан Шолақ спорт сарайында ине шанжар жер болмады. Қоштасуға келгендерді санап шығу мүмкін емес. Денистің анасының жанында Геннадий Головкин жүрді, Лос-Анджелестен шұғыл ұшып кеп. 
Астанадан жалғыз мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы мен Болат Жәмішев сөз сөйлеп жұбатты. Қалған министр, депутаттар келе алмапты-мыс. Алматы қаласының әкімі Бауыржан Байбек телеграмма жіберіпті. 
Кешір бізді, Денис! Кешірші! 

Сені шығарғанда "Жарайсың, Браво!" деп ысқырып, қол шапалақтадық. Ұлы әртістерді осылай шығарып салу салты бар деп. 


Сен Ұлысың! Рақмет Саған! Рақмет! Қош бол!

Соңғы жаңалықтар