Денсаулық — аманат: Нұр-Сұлтанның діни қызметкерлері жұртты вакцина алуға шақырды - kaz.caravan.kz
  • $ 443.85
  • 474.3
+16 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Денсаулық — аманат: Нұр-Сұлтанның діни қызметкерлері жұртты вакцина алуға шақырды

Денсаулық — аманат: Нұр-Сұлтанның діни қызметкерлері жұртты вакцина алуға шақырды

Нұр-Сұлтанда дін өкілдері коронавирусқа қарсы вакцина алды.

  • 6 Тамыз 2021
  • 96
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Дүние жүзіне қауіп төндіріп тұрған коронавирус індетін тоқтатудың жалғыз жолы – жаппай вакцина алу. Себебі КВИ-мен ауыратындар иммунитет қалыптастыра алмайды. Ал карантинге дейінгі өмірге оралу үшін тиісті шектеу шараларын сақтау қажет.

Елорда дін өкілдері бүгінде індетті жеңудің ең сенімді жолы — вакцинация екеніне сенімді. Олар жұртты жауапкершілік танытып, коронавирусқа қарсы вакцина алуға шақырды.

Айта кету керек, вакцинаның құрамына сол ауруды тудыратын белсенді емес микроорганизмдер енгізіледі. Осының нәтижесінде иммунды жүйе бұрын-соңды болмаған қауіпті сезіп, ағзаға антидене бөледі.

«Әркім өз денсаулығының сақшысы екенін ұмытпауы тиіс. Асылында, денсаулық – аманат екені әуелден белгілі. Бір-бірімізге жанашыр болайық», — деді екпе алған Нұр-Сұлтан қаласы «Сәдуақас қажы Ғылмани» мешітінің бас имамы Хамзат Әділбеков.

Елордада COVID-19 инфекциясына қарсы екпе алғандардың қатарында Исламтанушы Әбдірахман Қойбағар, сол сияқты шіркеулік Епархия қызметкері Андрей Озимин, Нұр-Сұлтан қаласы Константин-Еленин ғибадатханасының клиригі Максим Маджитов болды.


Айта кетейік, адамзат өмірі мен денсаулығына қауіп төндіріп отырған COVID-19 індетін жеңудің ең тиімді жолы – вакцинация арқылы ұжымдық иммунитетті дамыту. Ұжымдық иммунитет дамыған жағдайда коронавирусқа дейінгі қалыпты өмірге орала аламыз. Ал ұжымдық иммунитет даму үшін елорда тұрғындарының 60%-ы екпе алуы қажет.

 

Соңғы жаңалықтар