Денсаулық басқармасы: Қарағандыда карантин жариялауға негіз жоқ - kaz.caravan.kz
  • $ 444.22
  • 476.38
+8 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Денсаулық басқармасы: Қарағандыда карантин жариялауға негіз жоқ

Денсаулық басқармасы: Қарағандыда карантин жариялауға негіз жоқ

Қарағандыда коронавирус жұққан алғашқы науқастар анықталғаннан кейін аймақ билігі қоғамдық орындарда қауіпсіздікті күшейту қажеттігін айтты. Бұдан былай супермаркеттерде бес адамнан артық адам бір кезекке тұра алмайды, тұтынушылар бір-бірінен кемінде бір метр алшақ тұруы керек.

  • 20 Наурыз 2020
  • 8
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа-порталы  azattyq-қа сілтеме жасап хабарлайды.

"Бір кезекте бес адамнан артық адам тұруға болмайды. Нан және кондитерлік өнімдерді қапсыз сатуға тыйым салынды. Жеміс-жидек, көкөністен басқа азық-түлік түрлері қапталған күйде сатылады" деп хабарлады Қарағанды облысы әкімінің өкілдері.

20 наурызда Қарағандыда коронавирус жұққан екі адам анықталды. Олардың жасы — 48 және 49 жаста. 18 наурызда Минск — Нұр-Сұлтан бағыты бойынша рейспен ұшып келген. Ұшақ бортында болған 67 адамның барлығы Қарағандыда карантинге жатқызылған. Дегенмен билік карантин жариялауға негіз жоқ деп отыр.

"Екі азаматтан вирус табылды, бірақ олар Қарағанды облысында тұрмайды. Борттағы барлық азамат карантиндік стационарға жеткізілді. Аймақта карантин жариялауға негіз жоқ" деді Қарағанды облыстық денсаулық сақтау басқармасының жетекшісі Ержан Нұрлыбаев.

20 наурызда Қарағанды облысында ойын-сауық, ірі сауда орталықтары, азық-түлік емес тауарларын сататын дүкендер жұмысын тоқтатты. Қалада дәріхана, супермаркет, азық-түлік базарлары жұмыс уақытын қысқартып, дезинфекциядан өтеді.


Қарағанды облысында алты санитарлық пост ұйымдастырылған. Аймақ полициясының дерегінше, посттарда шамамен екі мың көлік тоқтатылған. 3,5 мыңнан астам адам тексерілген. Дене қызуы көтерілген екі адам анықталып, бақылауға алынған.

Қазақстанда соңғы дерек бойынша 49 адамнан вирус табылған. Алматыда — 22 адам, Нұр-Сұлтанда — 25 адам, Қарағандыда 2 адам емделіп жатыр.

Коронавирусқа байланысты соңғы ақпаратты оқу үшін мына сілтемені басыңыз.

Соңғы жаңалықтар