ДЕНСАУЛЫҚ: Орта жастан асқан адамдар үшін жүзімнің пайдасы мол - kaz.caravan.kz
  • $ 487.17
  • 565.65
+24 °C
Алматы
2026 Жыл
17 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
ДЕНСАУЛЫҚ: Орта жастан асқан адамдар үшін жүзімнің пайдасы мол

ДЕНСАУЛЫҚ: Орта жастан асқан адамдар үшін жүзімнің пайдасы мол

 АҚШ ғалымдары жүзімнің осы уақытқа дейін белгісіз болып келген тағы бір қасиетін анықтады.

  • 12 Қараша 2014
  • 723
Фото - Caravan.kz


Арнайы сынақ жүргізген мамандар артық салмағы бар орта жастағы ерлер мен әйелдерге жүзімнің қабықшасынан бөлінген зат пайдалы болып, сондай-ақ остеопороз қаупін төмендетуге оң әсер ететінін анықтаған, деп жазады шетелдің БАҚ. 

Жүзімнің қабықшасы мен дәнінен алынатын ресвератролды қабылдаған бақылаудағы адамдарда 16 аптадан кейін сүйек және шеміршек талшықтарының одан да жедел өсуі мен жаңаруы білінген. Алайда, мұндай нәтижеге жету үшін ресвератролды тұтыну мөлшері көп болуы керек. Бұл ретте, ғалымдар қызыл шараптың ресвератролдың «көзі» емес екенін, сүйек пен буындар үшін одан да жүзім сығындысы мен оның қантсыз шырыны пайдалы екенін айтады.