Денсаулық сақтау басқармасының шенеуніктеріне пәтер әділетсіз үлестірілген - kaz.caravan.kz
  • $ 443.35
  • 475.54
+7 °C
Алматы
2024 Жыл
27 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Денсаулық сақтау басқармасының шенеуніктеріне  пәтер әділетсіз үлестірілген

Денсаулық сақтау басқармасының шенеуніктеріне пәтер әділетсіз үлестірілген

Өскеменде кәсіби мерекелері қарсаңында пәтер  кілтін алған дәрігерлердің бірталайы енді қайтадан баспанасыз қалулары мүмкін. Облыстық медицианалық ұйымдар кәсіподағы мүшелерінің мәлімдеуінше, қарапайым дәрігер-мамандарға берілуі тиіс пәтерлердің көпшілігі Денсаулық сақтау басқармасының шенеуніктеріне әділетсіз үлестіріліген.

  • 28 Маусым 2011
  • 454
Фото - Caravan.kz

Михаил Айзенберг, ШҚО медициналық ұйымдар кәсіподағының төрағасы:

Денсаулық сақтау  басқармасы бастығының  орынбасары баяғыдан медициналық салада қызмет еткенмен, осы лауазымға жақында ғана тағайындалған. Алайда оған басқарма бастығының  шешімімен қызметтік пәтер берілді. Тіптібұл жөнінде кәсіподақ ұйымымен ешкім ақылдасқан да жоқ.

Жалпы кәсіби мереке күні 12 дәрігерге пәтеркілті табысталыпты. Оның төртеуі пәтер алуға қалалық әкімдік тарапынан ұсынылды. Себебі:олар 18 жылдан бері пәтер кезегінде тұрған.  Ал қалған 8 қызметтік пәтер Денсаулық сақтау басқармасы жасаған тізім бойынша таратылған. Облыстық кәсіподақ ұйымы дәл осы сегіз пәтер «әділетсіз бөлінді»деп есептейді. Олар, әсіресе, Денсаулық сақтау басқармасы бастығының орынбасары Сауле Мұқышеваға пәтер «негізсіз берілді»дейді. Пәтер алуға лайықты мамандардың тізімін жасайтын комиссия құрамында не кәсіподақ, не партия өкілдері болмапты. Осындай дау туындай бастағанын естіген қала әкімі Ислам Әбішев енді тізім «қайта жасалсын»деген бұйрық берді. Ал Денсаулық сақтау басқармасының бастығы болса, баспаналардың заңды түрде берілгендігін айтып ақталды. 


Ерлан Масалимов, ШҚО
Денсаулық сақтау басқармасының бастығы:

— Біреуі менің орынбасарыма берілді. Ол «біреудің»туысы  емес.Оны өзіміздің комиссиямызшешті. Тізімді өзіміз жасадық.

Соңғы жаңалықтар