Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.
Хабарламада жеке гигиена ережелері туралы нұсқаулар және коронавирусқа қарсы негізгі ұсыныстар жазылған. "Коронавирустың алдын-алу: қолыңызды жиі жуыңыз, қоғамдық орындарға бармаңыз, ауру адамдармен (ЖРВИ) байланысқа түспеңіз. ЖРВИ белгілері кезінде 103 нөміріне, сұрақтар бойынша 1406 нөміріне қоңырау шалыңыз", — делінген министрліктің алғашқы хабарламасында.
Соңғы мәлімет бойынша, Қазақстанда коронавирус жұқтырудың алты дерегі тіркелді, оның төртеуі — Алматыда, Нұр-Сұлтанда — екі жағдай. 1425 адам стационарлық карантинде, 496 адам үй карантинінде.