Денсаулық сақтау министрлігі Whats аpp арқылы тараған ақпараттың жалған екенін хабарлады - kaz.caravan.kz
  • $ 470.8
  • 545.99
+12 °C
Алматы
2026 Жыл
22 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Денсаулық сақтау министрлігі Whats аpp арқылы тараған ақпараттың жалған екенін хабарлады

Денсаулық сақтау министрлігі Whats аpp арқылы тараған ақпараттың жалған екенін хабарлады

ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің баспасөз қызметі Whats аpp мессенджері мен әлеуметтік желілерде медициналық преп

  • 19 Қыркүйек 2016
  • 546
Фото - Caravan.kz

ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің баспасөз қызметі Whats аpp мессенджері мен әлеуметтік желілерде медициналық препараттарды қабылдағаннан кейін туындаған аллергиялық реакциядан адамдардың қайтыс болғаны туралы таратылған ақпараттың жалған екенін мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.kz.

Whats аpp және басқа да әлеуметтік желілер арқылы адамдардың медициналық препараттарды қабылдағаннан кейін туындаған аллергиялық реакциядан қайтыс болып жатқандығы туралы ақпарат ел тұрғындарын әжептәуір дүрбелеңге салған болатын. Осыған қатысты министрліктің ресми сайты мәлімдеме жасап, бұл ақпараттың жалған екенін хабарлады.

"ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі дәрілік құралдардың жанама әсеріне тұрақты түрде мониторинг жүргізіп отырады. 2016 жылғы 19 қыркүйегіндегі мәлімет бойынша аллергиялық реакция туындатып, балалардың өлім-жітіміне себеп болды деген дәрілік құралдар (амоксициллин, капесула, ибупрофен (суспензия), алклофенак, ангисепт, сумамед, ингалипт, инфлюцид, балаларға арналған панадол және санасол) туралы ешқандай шұғыл мәлімет келіп түскен жоқ" — делінген хабарламада.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін whats app мессенджері мен әлеуметтік желілерде осы тәріздес шындыққа жанаспайтын ақпарат бірнеше рет таратылған болатын. Осыған орай ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі ҚР Ішкі істер министрлігіне, ҚР Бас Прокуратурасына және ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетіне жалған ақпаратты таратудың жолын кесуге шара қолдану туралы хат жолдаған болатын.