Депутат бензин тапшылығына Үкіметті кінәлады - kaz.caravan.kz
  • $ 489.39
  • 567.5
+22 °C
Алматы
2026 Жыл
17 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Депутат бензин тапшылығына Үкіметті кінәлады

Депутат бензин тапшылығына Үкіметті кінәлады

Жанармай тапшылығына тек Үкімет кінәлі! Депутаттар  жүргізушілердің бензин таппай, тентіреп жүргеніне шенеуніктерден басқа айыпты адам жоқ деп отыр. Айтуларынша, егер елімізде төртінші мұнай өңдеу зауыты салынғанда мұндай қиындық мүлдем болмас еді.

  • 6 Қараша 2014
  • 220
Фото - Caravan.kz


Айқын Қоңыров, Мәжіліс депутаты:

— Өкінішке қарай, республикамызда мұнай өңдеу саласына қатысты нақты және ұзақ мерзімді жоспар жоқ. Біз тек қазіргі қолда бар  үш мұнай зауытын қайта жөндеумен шектеліп отырмыз. Ал, төртінші зауытты салудан бас тарттық. Үкімет не себептен мұндай шешім  қабылдағанын түсіндіріп берсін?

Егер төртінші мұнай зауыты салынса, отандық өндірістің көлемі көбейіп қана  қоймай, кәсіпорындар арасындағы бәсекелестік те артар еді. Ал, шенеуніктер үшін бұл тиімсіз екен. Сондықтан да Үкімет еліміздегі жанармай нарығын  жабық күйде ұстап, қолдан тапшылық  жасап отырған көрінеді. Халық қалаулылары «Қазақстанда бензиннің бағасы төмен, оны Ресеймен теңестіру керек. Сонда ғана тапшылық жойылады» деп жүргендерге де қатты ашуланды. Өйткені, екі елдің экономикасы мен тұрғындарының табысы салыстыруға келмейді. Сондықтан, атқамінерлер жанармайдың құнын көтеруді аңсағаннан көрі, отандық өндірісті дамыту мен сапалы бензин шығаруды ойлағыны дұрыс.