Депутат кітап тапшылығына Білім министрін айыптады - kaz.caravan.kz
  • $ 486.19
  • 554.26
+24 °C
Алматы
2026 Жыл
23 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Депутат кітап тапшылығына  Білім министрін айыптады

Депутат кітап тапшылығына Білім министрін айыптады

Ал оқулық басу бизнеске айналған! Бүгін мәжіліс депутаттары Білім министріне шүйлігіп, оның қоластындағы ведомствоны «ата-аналардың қалтасына түсіп, мол табыс тауып отыр» деп айыптады. Бюджеттен миллиардтап теңге бөлінсе де, еліміздегі оқушылар алғашқы күндерден-ақ кітапқа жарымауда. Астанада тіпті ұл-қызына оқулық іздеген ата-аналар дүкендерге лап қойды. Онда нағыз талас. Бірақ жұрт іздегенін таба алмай әлек.

  • 4 Қыркүйек 2014
  • 362
Фото - Caravan.kz

-6 сыныпта оқитын балама «Атамұраны» да әкел. «Алматы кітапты» да алып кел деп жатыр. Бір кітап берген жоқ. Міне, тізім тұр, жоқ ішінде бізге керек кітаптар.

Астанада кітапқа талас  осымен үшінші күн жалғасуда. Ата-аналар  жаңа оқу жылы басталғалы жұмыстарын тастап,  дүкен жағалап кеткен. Тіпті төменгі сынып оқушылары да сабақтан қалып, жоғын іздеп жүр.

— Түсінем. Бәрі де кітап алғысы келеді. Отырмыз кезекте.

Бәріне оқулық керек. Бірақ, кітап дүкендеріне кіру мұң. Ал амалын тауып табалдырықтан аттасаңыз, мектепке  қажетті негізгі пәндер сөрелерде жоқ, таусылып кеткен.

Күләш Ысқақова, Астана қаласының тұрғыны:

-Екінші дүкенге келіп тұрмын, ала алмай тұрмын. Логика керек, Қазақ тілі, Өзіндік жұмыс, жалпы 5 кітап керек.

-Кітапқа таласты Астананың әр бұрышынан кездестіруге болады. Мәселен, мына кітап дүкеніндегі ұзын-сонар кезектен көз талады. Мұнда да ата-аналар: «Таң атысымен есікке телміріп тұрмыз» дейді.

Жаңа оқу жылымен қабаттасып  келетін дәстүрлі оқулық дауына бүгін депутаттар да араласты. Мәжілісмендер: «оқушылардың бас көтермей оқудың орнына кітап іздеп, көшеде сандалып жүргені ең алдымен Білім министрлігіне сын» деп отыр. Тіпті бұл Аслан Сәрінжіповтың қарамағындағылардың қолдан ұйымдастырған «жоқшылық» деген де пікірлер айтылды. Өйткені, шенеуніктер қазынаның қыруар қаржысына жыл сайын жаңа оқулық жаздыртады. Бірақ биылғы кітапты сан сылтаумен келесі жылы жарамсыз етіп тастайды. Сол арқылы мол табысқа кенеліп  жүргендер бар екен.

Алмас Тұртаев, Мәжіліс депутаты:

-Біз бұрын аға-әпкелерімізден қалған оқулықтарды  пайдаланатын едік қой. Ал біздің кітаптар  іні-қарындастарымызға жарайтын. Қазіргі жағдайда мүлдем басқаша. Және қоғамда шынында да бұл  Білім министрлігі  бизнеске айналдырып алған деген ой қалыптасқан. Неге  бұлайша болу керек?

Жалпы, биыл мектеп  кітаптарына деп бюджеттен 9 миллиардқа жуық теңге бөлініпті. Білім министрілігіне бұл қаржы да жетпей қалған. Енді еліміздің бас мұғалімі Аслан Сәрінжіпов  оқушыларды  келесі жылы жаппай тегін кітаппен қарық қыламыз деп сендіріп отыр.